«Қолда я Жолданың» ережесі
Ойынға 22 қатысушы қатысады. Сандықтар кездейсоқ таңдалады. Жасырылған ақша сомасын ешкім білмейді. Негізгі ойыншы кездейсоқ таңдалады.
Ойыншының міндеті кезең-кезеңімен сандықтарды таңдап, ашылған сандықтар ойнатылмайды.
Ойыншы, мейлінше аз сома жасырылған сандықтарды ашуы тиіс. Ойын барысында, банк кепілдендірілген ақшалай ұсыныс білдіріп, ойыншының сандығын сатып алғысы келеді.
Егерде банктің ұсынысын қабылдаған жағдайда, ойын тоқтатылады. Ал ұсынысынан бас тартып, соңына дейін тәуекелге бел байласа, ойыншы өзінің сандығын ашып, жасырылған ақшалай сыйақыны алады.
Ойын аяқталған соң қатысушы жобамен қоштасып, оның орнын жаңа ойыншы келеді.
Жұмыс күндері, «Хабар» арнасынан «Қолда я Жолда» бағдарламасын көріңіздер!